Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Компас" кәсіби бағдар беру жобасы

ЖОБА КАРТАСЫ

"Компас" кәсіби бағдар беру жобасы 

Авторлары:

Лариса Николаевна Нисмельдинова, басшының ТЖ жөніндегі орынбасары

"Жас Отан" жастар қанаты

Лейла Ғабитқызы Тұяқова, жастар ісі жөніндегі инспектор

Жоба географиясы:

Жаңаесіл а., Қарамеңді батыр а., Родина а., Мортық а., Жаңажайнақ а., Қосшоқы а., Тастақ ст., Белое озеро а., Ақмол а., Талапкер а., Арайлы а., Қажымұқан а., Тасты а., Ынтымақ а., Садовое а., Каменка а., Приречное а.

Жобаны іске асыру мерзімі:

Жобаның ұзақтығы - 6 ай;

Жобаны іске асырудың басталуы - 20.11.2020 ж. 

Жобаны іске асыруды аяқтау - 28.05.2020 ж.

Қысқаша аннотация​:

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне және елдегі қалыптасқан демографиялық жағдайға, республикадағы кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестіктің өсуіне байланысты колледжде кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру туралы мәселе туындады. Колледждің әрі қарайғы жұмысы студенттерді сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да, дәлірек айтқанда болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына байланысты болады.
Колледждегі кәсіптік бағдар беру жұмысы келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының колледж мамандықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
- саналы кәсіби өзін-өзі анықтау және жеке адамның қабілеттерін ашу үшін жағдай жасау;
- колледждің оң имиджін қалыптастыру және білім беру қызметтері нарығында Колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Кәсіби бағдар беру қызметінің нысаны ретінде биыл жобалық қызмет таңдалды.
Соңғы онжылдықтарда оқу процесінде жобалық қызмет технологиясы шетелде де, Ресейде де танымал бола бастады.
Жобалық қызмет орта кәсіптік білім беру аясында кеңінен қолданылады. Бұл студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, сондай-ақ оқу және кәсіби қызметте шешім қабылдауда олардың дербестігі мен жеделдігін дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңартылған күні: 04.02.2021 18:23
Құрылған күні: 05.02.2021 17:32

Текст