Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұмыс беруші" күніне арналған іс-шара аясында жұмыс берушілермен кездесу

 

**********************

Бүгін, 15.11.2022 ж. колледжімізде Жұмыс беруші күніне арналған іс-шара аясында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқыту сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық орнату. Кездесуге кәсіпорын басшылары мен мамандары, жергілікті атқарушы органдар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ұйым басшысы мен оқытушылары, студенттер қатысты. Жұмыс беруші күні шарасы аясында «Nova Food» ЖШС-мен меморандум мен келісімдерге қол қойылды. Бекітілген жоспарға сәйкес бос орындар жәрмеңкесі, колледж бойынша экскурсия, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерлерінің көрмесі өткізілді. Сонымен қатар, студенттер әлеуметтік серіктестерге барлық сұрақтарын қоя алатын пікірталас алаңы өткізілді.
Жиын соңында салтанатты шара ұйымдастырылып, кәсіпорын жетекшілері Білім министрінің атынан, білім басқармасының басшысы, сонымен қатар ұзақ мерзімді әлеуметтік әріптестік үшін колледж басшысының атынан марапатталды.

 

Жаңартылған күні: 15.11.2022 16:44
Құрылған күні: 15.11.2022 17:11

Текст