1. Жалпы ережелер
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Колледжде білім беру саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2022 жылы Агротехникалық колледжі 307 қызметті көрсетті:
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 48;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 259.
Колледжде барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы 341 қызметті көрсетті:
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 5;
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 336.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» - 54 қызмет;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 177 қызмет;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 4 қызмет;
«Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» – 2 қызмет;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» - 3 қызмет.
Мемлекеттік қызметтер 2021 жыл Мемлекеттік қызметтер 2022 жыл
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат https://pt0001.celinograd.aqmoedu.kz ресми интернет ресурсында колледждің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2022 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдармен БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды, колледждің ресми интернет ресурстарында 1 тікелей эфир өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
ТжКБ саласында "College Smart Nation" ақпараттық жүйесінде 5 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.
Бұдан басқа, "College Smart Nation" ақпараттық жүйесі колледждердегі оқу процесін цифрлық форматта автоматтандыруға мүмкіндік берді: талапкерлерден құжаттарды қабылдау, оқуға қабылдау, оқудан шығару бұйрықтары; оқу жоспарлары, журналдар.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Колледжде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және де 3 қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2023 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.