«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі» МКҚК
Біздің оқу орнының іргесі өткен ғасырдың 50-ші жылдары қаланды. Сол кезеңде Новоишимка ауылында агрономдар мен есепшілерді даярлайтын алғашқы Агротехникалық мектеп ашылды. 50-ші жылдардың соңында мұнда Ақмоладан мал дәрігерлері мен зоотехниктерді оқытатын ауылшаруашылық техникумы көшірілді.
Уақыт өте келе оқу орны Солтүстік Қазақстан өңіріне білікті мамандар даярлайтын ірі білім ошағына айналды. Колледждің ветеринарлық клиникасы, зертханалары, жабдықталған оқу кабинеттері және совхоз құрамына кіретін өз мал шаруашылығы фермасы болды.
80-ші жылдары оқу орны Новоишимка совхозының құрамына еніп, «Новоишимка совхоз-техникумы» атты оқу-өндірістік бірлестік құрылды. 1955–1989 жылдары аралығында шамамен 6000 маман даярланды. Техникум түлектерінің қатарында Социалистік Еңбек Ерлері — Шарф И. И., Джангуразов Т. И., Брун А. И. бар. Өңірдегі көптеген шаруашылық басшылары дәл осы білім ордасында тәлім алған.
1997 жылы техникум Астана қаласына көшіріліп, Ақмола мукомольно-технологиялық колледжінің құрамына енгізілді. Ал біздің оқу орны №27 Агротехникалық лицей ретінде өз жұмысын жалғастырды.
Келесі жылдары білім мекемесінің мәртебесі бірнеше рет өзгерді:
– кәсіптік мектеп,
– лицей,
– 2012 жылдан бастап – №19 Кәсіптік лицей – №9 Агротехникалық колледжі,
– 2019 жылдың 20 қарашасынан — Жаңаесіл ауылының Агротехникалық колледжі.
2025 жылғы 12 мамырдан бастап оқу орны қазіргі атауына ие болды —
«Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі» МКҚК.
Бүгінде біздің колледжде Целиноград, Қорғалжын, Астрахан, Шортанды, Жарқайың, Егіндікөл, Бұланды аудандарынан, сондай-ақ Қостанай және Қарағанды облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан келген студенттер білім алуда.