Текст
23 қыркүйек күні Жаңаесіл ауылының Агротехникалық колледжінде "Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы" атты әдеби - музыкалық іс-шара өтті. Іс-шарада білім алушылар А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен танысты, сондай-ақ Байтұрсыновтың Тіл біліміне, қазақ халқының ағартушылығы мен әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы білді. Оның "Жаңа емле" әліпбиін әлі күнге дейін қазақтар Қытайда, Иранда, Ауғанстанда қолданады.Әдеби шығармаларында ол надандықтан, немқұрайдылықтан арылуға шақырады.Білім алушылар "Алаш" партиясының өкілі ретінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Кеңес өкіметінің қудалауына ұшыраған А.Байтұрсыновтың саяси қызметімен танысты. Іс-шара барысында студенттер А.Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды.