КИТиС жатақханасында студенттермен кездесу өтті

04.09.2025

КИТиС жатақханасында студенттермен кездесу өтті

Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжінің жатақханасында студенттермен жиналыс өткізілді.

Кездесу барысында ішкі тәртіп ережелері, кезекшілік кестесі, тәртіп пен тұрмыстық жағдайлар талқыланды. Сондай-ақ, тәртіпті сақтау, бір-біріне құрметпен қарау және жатақхана мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Жиналысқа келесі өкілдер қатысты:

  • оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары,

  • педагог-психолог,

  • Жастар ісі комитетінің өкілдері,

  • жатақхана меңгерушісі,

  • медицина қызметкері.

Кездесу мазмұнды өтті және студенттердің жатақханадағы өмірге жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.

Просмотров: 252


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу