«Адамдар дос, тілдер дос» зияткерлік ойыны

05.09.2025

«Адамдар дос, тілдер дос» зияткерлік ойыны

2025 жылғы 4 қыркүйекте Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжінің жатақханасында «Адамдар дос, тілдер дос» тақырыбында зияткерлік ойын-конкурс өтті.

Студенттер белсенді қатысып, білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Іс-шараның ұраны: «Адамның ұлылығы — оның ойлай білу қабілетінде» болды.

Шараны ұйымдастырып өткізгендер:

  • тәрбиеші — Сатмаханова Ж. Д.

  • кітапханашы — Бекен Ә. Д.

Конкурс достық пен ынтымақтастық рухында өтіп, студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.

  

Просмотров: 259


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу