Франция студенттерімізге есік ашады!

13.01.2026

 

Колледжіміз шекараны кеңейтуде! Білім беруді интернационалдандыру стратегиясы аясында КИТиС басшысы Сабитов Бағдат Қасымбекұлы Францияның Окситания өңіріндегі Кастельнодари агрикампусына іс-сапармен барды. Сапар FASEP бағдарламасының қолдауымен жүзеге асты.

Бұл студенттеріміз үшін нені білдіреді? Кездесудің басты нәтижесі — академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске қосу. Біз жоспардан нақты іске көштік:

  • Францияның серіктес алаңдарында қысқа мерзімді оқу курстары бойынша келісімдер жасалды.

  • 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 2-курс студенті Тимофеев Тимофей Францияда білім алады!

FASEP бағдарламасы — бұл жай ғана тағылымдама емес, бұл әлемдік озық технологияларға қол жеткізу және халықаралық кәсіби қоғамдастыққа қосылудың нақты мүмкіндігі. Студенттерімізді мақтан тұтамыз және жаңа белестерді бірге бағындырамыз!

Просмотров: 199


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу