Текст
20.04.2026
Жанаесиль ауылының Индустриалды технологиялар және сервис колледжінің студенті Тимофеев Тимофей студенттермен "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша 2026 жылғы 11 қаңтар мен 8 сәуір аралығында Франциядағы Agricampus Castelnaudary базасында өткен халықаралық тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті.
Тағылымдама халықаралық меморандум және FASEP жобасы аясында жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды меңгеруге бағытталды.
Кездесу барысында ол алған тәжірибесі, шетелдегі оқу мен жұмыс ерекшеліктері, сондай-ақ меңгерген жаңа кәсіби дағдылары туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер студенттердің мотивациясын арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге және кәсіби дамуға ұмтылуына ықпал етеді.