"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж индустриальных технологий и сервиса села Жанаесиль при управлении образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

20.04.2026

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Жанаесіл ауылының Индустриалды технологиялар және сервис колледжі Нұресіл ауылының жалпы білім беретін мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімнің негізгі мақсаты - білім беру саласында әріптестік қатынастарды дамыту, оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру.

Меморандум аясында төмендегілер қарастырылған:

- оқушылар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу
- колледж базасында тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру
- дуалды оқыту элементтерін енгізу
- педагогтар арасында тәжірибе алмасу
- тиімді білім беру ортасын қалыптастыру

Сонымен қатар, Нұресіл ауылының оқушыларына колледж таныстырылып, арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл ынтымақтастық мектеп пен колледж арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

 

Просмотров: 23


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст