"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж индустриальных технологий и сервиса села Жанаесиль при управлении образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

23.04.2026

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Колледжімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары белсене қатысып, ортақ мақсат жолында бірікті.

Сенбілік барысында колледж ауласы мен жатақхана аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аумақ қоқыстан тазартылып, жолдар мен айнала ретке келтірілді. Қатысушылар әрқайсысы өз үлесін қосып, жоғары жауапкершілік пен ұйымшылдық танытты.

Бірлескен еңбектің нәтижесінде барлық жұмыстар қысқа уақыт ішінде сапалы әрі тиімді орындалды. Мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.

Тазалық – тек бір реттік шара емес, ол әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.

                 

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст