Текст
27.04.2026
ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйесі үшін маңызды оқиғалардың бірі — WorldSkills Aqmola 2026 өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті.
«Индустриалдық технология және сервис колледжі» МКҚК аталған чемпионатта лайықты нәтиже көрсетіп, білім алушыларының кәсіби даярлығының жоғары деңгейін дәлелдеді.
🏆 Чемпионат қорытындысы бойынша колледж студенті келесі құзыреттілік бойынша жүлделі орынға ие болды:
— «Кондитерлік іс» — Сембиева Гаухар, тәлімгері Абдилдина Айнұр Мұратқызы — II орын
2026 жылғы 24 сәуір күні өткен салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаз дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды.
Колледж ұжымы студентімізді және оның жетекшісін шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз.
