02.05.2026
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Жаңаесіл ауылында ауыл тұрғындары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды 🤝✨
Бұл спорттық шара ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, достық қарым-қатынасты арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды 💪🌿
🏐 Жарысқа барлығы 8 команда қатысып, әрқайсысы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, көрермендерге керемет әсер сыйлады 🔥
👏 Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — «Индустриялдық технологиялар және сервис колледжі» МКҚК командасы
🥈 2 орын — Жаңаесіл жастары
🥉 3 орын — «Бразилия» командасы
🎉 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай игі шаралар ауыл жастарының белсенділігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын нығайта түседі ❤️
🤝 Бірлік бар жерде — тірлік бар!
🌟 Мереке құтты болсын!
