"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж индустриальных технологий и сервиса села Жанаесиль при управлении образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Индустриялық технологиялар және сервис колледжінің базасында өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін маңызды іс-шара — техникалық бағыттағы педагогтердің облыстық әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы өтті.

29.05.2026

Индустриялық технологиялар және сервис колледжінің базасында өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін маңызды іс-шара — техникалық бағыттағы педагогтердің облыстық әдістемелік бірлестігінің ІІІ отырысы өтті.

Отырыстың басты тақырыбы қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі болды: «Тәлімгерлік және кәсіби бағдар беру: студентке өз мамандығын табуға қалай көмектесуге болады. Колледжден өндіріске дейінгі жолда студентті сүйемелдеудегі өндірістік оқыту шебері мен оқытушылардың рөлі».

Іс-шара еркін пікір алмасу, үздік тәжірибелермен бөлісу және тиімді әдістемелерді талқылау форматында өтті. Қонақтар мен қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және ұсынылған баяндамалардың тәжірибелік маңыздылығын ерекше атап өтті.

Барлық қатысушыларға нәтижелі жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз! Қабылданған ұсынымдар облысымыздағы техникалық кадрларды даярлау сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп сенеміз! 💪✨

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст