Текст
19.06.2026
Колледжіміздің 70 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті!
70 жыл — бұл тарих, тәжірибе, жетістік және мыңдаған түлектің тағдыры. Мерейтойлық шараға аудан әкімі, білім саласының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, колледждің бұрынғы басшылары мен ардагер ұстаздары қатысты.
Қонақтар колледж музейін, заманауи зертханаларды аралап, оқу орнының бүгінгі жетістіктерімен танысты. Мерекенің шарықтау шегі колледж тарихына арналған архивтік бейнефильм мен әсерлі концерттік бағдарлама болды.
✨ Барша түлектерге, ұстаздарға және колледж өміріне үлес қосқан жандарға алғысымызды білдіреміз!
💙 70 жылдық мерейтой құтты болсын! Алда бізді жаңа жетістіктер мен жарқын белестер күтеді!