25.06.2026
Даму бағыты – білім, мемлекет және бизнес серіктестігі!
Бүгін колледжімізде маңызды әрі стратегиялық мәні зор кездесу өтті.
Қонақтар қатарында:
🔹 Владимир Карпович Божко – белгілі мемлекет қайраткері, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы министрі, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының бұрынғы орынбасары;
🔹 Берік Амантайұлы Жанбаев – «Шаңырақ» компаниялар тобы бас директорының кеңесшісі;
🔹 Жанна Анатольевна Понкратова – «Шаңырақ» компаниялар тобының персоналмен жұмыс жөніндегі департамент директоры.
Кездесудің басты мақсаты – білім беру ұйымы, мемлекет және бизнес арасындағы өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту.
Бағдарлама аясында қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, заманауи оқу кабинеттері, зертханалар мен өндірістік шеберханалар таныстырылды. Сарапшылар студенттердің қандай жағдайда білім алып, қандай жабдықтармен тәжірибе жинақтап жатқанын ерекше қызығушылықпен тамашалады.
Кездесудің ең маңызды бөлігі студенттермен еркін форматтағы сұхбат болды. Білім алушылар еңбек нарығында сұранысқа ие маман болудың жолдары, ірі компанияларда мансап құрудың қыр-сыры және табысқа жетуге қажетті қасиеттер туралы құнды ақпарат алды.