29.06.2026
Спорт, денсаулық және бірлік!
Біздің ұжым жыл сайынғы «Ұстаз» спартакиадасына қатысып, ұйымшылдықтың, қайсарлықтың және жеңіске деген жігердің жарқын үлгісін көрсетті.
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттайтын, өзгелерге өнеге болатын тұлға. 💪
Командамыз ұжым намысын спорттың бірнеше түрі бойынша қорғады:
🎯 Дартс
🏓 Үстел теннисі
♟️ Шахмат және Тоғызқұмалақ
🌾 Асық ату және Бес асық
🪵 Городки спорты
🏐 Волейбол
«Ұстаз» спартакиадасы – спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып, әріптестер арасындағы достық пен ауызбіршілікті нығайтатын тамаша алаң.
Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорт мерекесі үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз! Ал командамызға – белсенділігі, қолдауы және жеңіске деген жігері үшін зор ризашылығымызды жеткіземіз! 🔥👏
