Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Композиттік қызметті енгізу туралы

15.11.2018

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Композиттік қызметті енгізу туралы

  Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге –

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. 

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы

жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст