Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЕСЕП

25.02.2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледжі" МКҚК
2019 ЖЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЕСЕП 
 
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы "Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледжі"  МКҚК келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1. 803002 "техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру"
2. 803007 " техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру "
3. 803009 " техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау "
4. 803017 "техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамағандарға анықтама беру"
5. 803018 "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"
6. 803019 "мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау"
7. 403012 "азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, Қөбұ ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну".
8. 801015 "білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"»
         Колледж жұмысының басым бағыты студенттерді қабылдау болып табылады. Үш ай бойы (маусым-тамыз) колледждің қабылдау комиссиясымен "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет стандартта және Регламентте белгіленген талаптарға сәйкес көрсетілді. Қабылдау комиссиясының жұмыс кезеңінде "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар жоқ.
 Оқу орнының ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың хабардар болуын арттыру мақсатында http://pt0001.celinograd.aqmoedu.kz / "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі бар, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша стандарттар, регламенттер орналастырылған, бас корпус ғимаратында және жатақханада агротехникалық колледждің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен жабдықталған ақпараттық стендтер жаңартылды.
Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағын орындау үшін "мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қажетті жағдайлар жасау" Агротехникалық колледж барлық қажетті жағдайлар жасайды: бас корпус пандуспен жабдықталған, шақыру батырмасы орнатылған.
 
2019 жылы Агротехникалық колледж:
1. "Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға жатақхана беру" МҚК-120
2. "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы "техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" МҚК-6
3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" МҚК – 85
4. "Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру" МҚК-2
5. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау"МҚК – 1
6. 803019 "мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" - 8
7. 403012 "азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, ТжКББ ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну" - 0.
8. 801015 "білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" - 1
Барлығы 2019 жылы 223 қызмет көрсетілді.
Колледж мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша жұмыс жалғасуда.
Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст